"Қазақ жігітіне шықса, бақытсыз болады": Балжан Бидаштың пікірі қоғамда дау тудырды
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/
Танымал әнші Балжан Бидаш қазақ жігіттеріне қатысты айтқан пікірі жұртқа жақпай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі “Сыр” бағдарламасында қонақ болды.
"Көбі қазақ жігіттеріне ешкім жетпейді деп жатады. Мысалы, құрбым Фаризаның күйеуі – орыс. Фариза қазақ жігітіне шықса, жылап, бақытсыз өмір сүреді. Көзінен нұры жоғалып, қатты бақытты болмайды. Ал қазір ол Андреймен бақытты. Әрине, қазақтың саны көп болуы керек. Бірақ сенің басқа ұлттың азаматымен әңгімең жарасып, іштей шын бақытты бола алатын болсаң, мен қарсы емеспін. Менің ойым осы", – деді әнші.
-
"Еркін жүретін әйелдерге қызықтым": Балжан Бидаш тұрмыста болған жылдарын есіне алды
-
"Жалынымды сөндірмейтін адам": Балжан Бидаш жақын арада тұрмысқа шығатынын жасырмады
Желі қолданушылары әншінің сөзін қызу талқылап жатыр.
“Тексіздік сөзі”, “Оны тікелей Жаханға айтсаң болады”, “Өзі жақында басқа ұлтқа шығатын сияқты”, “Қазақ жігітінің қадірін түсіріп тастады”, “Махаббат ұлтқа қарамайды”, “Балжанды қатты құрметтейтін едім”, – деп жазды көпшілік.
@tayo.tk КЕЛІСЕСІЗДЕРМЕ🤍 #балжанбидаш #подкаст #подпишись🙏 #рекомендации ♬ džanum - moiseslyricsss

"Суды артық пайдаланса, тариф 30% қымбаттайды": Қазақстандықтар су нормасы туралы жаңа ережеге қарсы шықты
