Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ жігіті 3 жылдан бері жүрген сүйіктісін жүкті қылып тастап кетті

Қазақстандағы ЖОО-лардың бірінде үшінші курста білім алып жатқан Арай есімді бойжеткен жүкті болып қалған. Мұны білген жігіті оны тастап кеткен екен. Тіпті, Арайда танымайтындай кейіп танытқан. Бойжеткен бүгінде шарасыз отырғанын айтып жатыр. Ол өзінің жүктілігін әлі күнге дейін ата-анасынан жасырып келеді.

vietnamese-people-1491063_960_720

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

“Қазір жасым жиырмада. Осыдан 3 жыл бұрын бір жігітпен танысып, қыз-жігіт болып жүрдік. Жуырда аяғымның ауыр екенін айтып едім, әлгі жігіт із-түссіз жоғалып кетті. Ал ішімдегі бала 4 айлық. Аяғымның ауыр екенін кеш білдім. Баланы алдырту да ойымда болды. Өкінішке орай, түсік тастауға болатын мерзімнен өтіп кеткен екенмін. Бір күні жігітімді іздеп ол оқып жатқан ЖОО-ға бардым. Ол мені танымайтындай кейіп танытты. Басында үйленеміз деп айтып жүрген болатын. Аяғымның ауыр екенін естіген соң, жоқ болып кетті. Төсектес болуға ол бірінші ұсыныс жасады. “Ертең үйленген соң бәрібір төсектес боламыз. Басқа қыздарға барғанша, сенімен төсектес болайын” деп айтты.

Үйленгенге дейін менің қыз екеніме көз жеткізгісі келді. Отбасы құрған соң балалы-шағалы болатынымыз туралы жиі айтатынбыз. Өкінішке орай, ол басында ғана қуанғандай кейіп танытты. Кейін телефонын да сөндіріп тастады. Мен оны ауылына да іздеп бармақшы болдым. Алайда дәл қазір қалтамда жол жүретіндей қаражат жоқ. Жүктілігім туралы әке-шешем білмейді. Ол кісілердің үмітін ақтамағаным үшін қатты ұяламын. Ауылға бармай, түрлі сылтаумен қашып жүрмін. Жағдайымды тек жақын құрбыма айтқан болатынмын”, – дейді Арай.

Әзірге бойжеткеннің жағдайы не болары белгісіз. Ол жігітмен жүрген 3 жыл уақытта оның отбасымен таныспаған сыңайлы. Қазақстандық ұстаз дәл осындай жағдайдың өз студентінің де басында болғанын айтып жатыр.

“Менің бір студентім ұзақ уақыт сабаққа келмей жоғалып кетті. Бір күні оны көшеден көріп қалдым. Өзі ішімдікке тойып алыпты. Бастапқыда жағдайын айтпай қойды. Артынша оны үйге алып келдім. Аяғының ауыр екенін айтты. Ақырында баланы туып, әлдеқашан тастап кеткені белгілі болды. Ертесінде проректор мен деканға хабарласып жағдайды түсіндірдім. Ол кісі “Оқудан шығармасақ, барлығымыз жұмыстан айырыламыз” деді. Декан да оны оқудан шығарып, ата-анасымен жолығуды ұсынды. Көп жағдайда отбасымыз бен университеттің имиджін ойлайтынымызға көзім жетті. Мұнымен қатар, “жұмыстан айырылып қалуым мүмкін” деген де қорқыныш бар. Өкініштісі, адамдар бірінші кезекте көмек қолын созу керектігі туралы ойламайды. Студент психологиялық қысымның салдарынан ертең асылып өліп қалуы да мүмкін.

Өстіп жүріп екеуіміз балалар үйіне бардық. Басы іріңдеп кеткен бір шақалақ жатыр. Медбикелер жаман жөргекпен орап тастапты. “Сізге керек жоқ бала бізге керек дейсіз бе?” деп ұрысып жатыр. Бір жарым ай бойы әлгі баланы шомылдырмаған. Бас дәрігерге кіріп едім “Алмасаңдар, Үштөбе жаққа жіберемін” деп қорқытты. Әлгі шақалақты әрең дегенде кері қайтарып, өзім бақтым. Жұрт мені некесіз бала туып алды деп өсектеді. Бұл сөзге шыдамай, студентімнің анасына бардым. Өзі ғылымдар кандидаты екен. Ол кісі “Маған бұл туралы естірпеңіздер. Маған жолатушы болмаңыздар” деп қашты. Аяғында сол жігітті тауып, екеуі бүгінде бақытты өмір сүріп жатыр. Бір қызығы, екі тараптың да ата-анасы өз немерелерін асыранды бала ретінде таныстырды”, – дейді ұстаз Меруерт Асылбаева.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақстандық әке балаларды психологқа емдетуге қарсы шықты

Семейлік оқушы қыздардың сүйісіп тұрған сәті елді шошытты (видео)

Жамбыл облысында тұрғын үй алдына бір жасар сәбиді хат жазып тастап кеткен 

Оралда қоқыс арасында жалғыз тұрып келген әжейдің бармақтарын кесуі мүмкін

Талқылау