Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ эстрадасындағы киіну стилін өзгертпейтін жұлдыздар

60-70 жылдардан бері әлем бойынша классикалық стильде киінуді жөн көретін адамдардың қатары көбейген. Олардың арасында отандық жұлдыздар да бар.

f188071b-c476-4888-ad1e-f98888da7d95

Сурет: Нұрбек Жантілеу

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әр ер-азаматтың белгілі бір стилі бар екені рас. Алайда олардың барлығын дерлік талғаммен киінеді деп айту қиын. Әдетте классикалық стильде киінетін жұлдыздарды талғамсыз деп айыптап, сыртқы келбетіне мән бермейді деп сынайды. Енді біреулері керісінше аталған стильдің шынайы болмыстарына сай келетінін айтады.

Классикалық стиль деп отырғанымыз – қара костюм мен шалбардың, ақ жейде мен галстуктің өзара үйлесуі. Аталған стиль ешуақытта сәннен шықпайды.  Мұны қазақ эстрада жұлдыздары да дәлелдеген-ді.

1

Мейрамбек Беспаев

2

Тоқтар Серіков

4

Саят Медеуов

5

Еркін Нұржанов

7

Нұрлан Әлімжан

6

Медеу Арынбаев

8

“Жігіттер” тобы

кенжебек

Кенжебек

10

Мақсат Базарбаев

Классикалық киімдердің “мәңгілік стильге” айналуының құпиясы образды толықтырып, адам үстіндегі шүберектің өзара мінсіз үйлесуінде болса керек. Классикалық образ өзімшілдіктен ада, ұстамдылықты көрсетеді. Ол адамға жасына немесе қай жерде жүргеніне қарамастан жарасып тұрады. Мұнымен қатар, кез келген дене пішініне сай келеді.

Аталған стиль ХVII ғасырда Англияда пайда болған. Ол – көне стиль бағыттарының бірі. Бастапқыда тек ер-азаматтарға тән болса, кейіннен қыз қауымы да аталған стильдегі киімдерді кие бастаған.

Талқылау