Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ эстрадасында кімнің кімге еліктейтінін әншілердің өздері айтты (видео)

Шоу-бизнесте өзіндік мәнерімен елдің жүрегін жаулап, назарын аудартқан жұлдыздар жетерлік. Алайда, солардың  жетістігі мен танымалдығын қайталағысы келетін өнер иелері кімдер?

еліктейді

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Расында да, танымал әнші Қайрат Нұртастың киімі, шаш қою үлгісі, тіпті сахнадағы жүріс -тұрысын да айнытпай салатын әншілердің барын сахналық әріптестері де жоққа шығармайды.

Ернар Айдарды жылына бірнеше рет концерт беруден шаршамайтын Қайрат Нұртасқа ұқсатады. Әрине, бекер емес. Ернардың репертуарының 90 пайызы махаббат әндерінен құралған.Тіпті  концерттерінің бірінде Қайраттың ән қоржынындағы  «Күзгі қайың» әнін де орындап шыққаны әлі де  ел есінде.

Талай тойлардың көркі болған әнші Абай Бегей алғаш өнерге аяқ басқанда жерлесі әрі жанашыры Ұлықпан Жолдасовқа еліктепті.

«Ол кезде кассета болатын. Соны алып еститінмін», – дейді әнші Абай Бегей.

Әнші өнер адамының еліктегенін құптайды. Еліктеу арқылы өз ерекшелігіңді табасың дейді.

Ал әнші Мақсат Базарбаев болса, Абайдың бұл пікіріне түбегейлі  қарсы. Бір-бірінің көшірмесі болып жүрген әріптестерін біраз  сынның астына да алды.

«Әр әншінің өзінің аты, қолтаңбасы болу керек те, біреуге еліктеп біреудің еңбегін алып шығу керек емес. Мен өз басым ол нәрсеге 180 пайыз қарсымын», – дейді әнші Мақсат Базарбаев.

Десе де, өнерін қайталамаса да, бет- әлпетінің томпақтығымен көпшілік оны әнші Алтынбек Тәшімбетовпен шатастырып алады екен.

«Мақсат Базарбаевқа бет әлпетімді ұқсататын. Кейде Мәке деп амандасып жатады», – дейді әнші Алтынбек Тәшімбетов.

Бұл шоу-бизнеске  жаңадан енген «91» тобы. Қазақ эстрадасына жаңалық енгіземіз деген топ  халықты таңқалдыра алды ма ?

Құлақтарына сырға тағып, шаш пен көзді бояп сахнаға шыққан жігіттерді бірі қолдаса, енді біреулері сынады. Алайда, қолдағандардан гөрі, сынаушылар қатары көп.

Топтың ән айтуы  мен киім кию стилі корей ұлтының «Биг Бенг» тобына қатты ұқсайды. Анығын білмекке топты сұхбатқа шақырғанымызбен, кездесуге 1-2 сағат қалғанда, олар өзге шаруа шығып қалғанын жеткізді. Ал, әншілердің бұл топ туралы пікірі әртүрлі.

«Меломен» тобының әншісі Ролан Қазретовті танымал әнші Мұқасан Шахзадаевқа жиі ұқсататын көрінеді. Оны Роланның өзі де мойындайды.Тіпті, кейде  туысқанымын деп те жауап берген кездері болған екен.

«Көбінесе біз туысқанбыз деп айтады. Сен осы Мұқасан ағаға қандай қатысың бар деп сұрап жатқанда туған інісімін деп айтып жүре беремін. Ол да мені туған інім деп айтады», – дейді “Меломен” тобының әншісі Ролан Қазретов.

Дегенмен, әнші өнердегі ағасына өнері мен де түр -келбетімен де еліктейді екен.

Ал қазақ эстрадасындағы топтардың біразы «МузАРТ-тың» жетістігін қайталағысы келетін көрінеді.

«МузАрт тобындағы ағаларымыз осы кісілерге қарап, жалпы группа деген не нәрсе, үш дауысқа бөліну керек пе, төрт дауысқа бөліну керек пе сол кісілер арқылы қалыптастырдық. Сол кісілер себепкер деп айтсақ болады», – дейді «Арай» тобы.

Дегенмен, шоу-бизнес өкілдері бір-біріне еліктесін, тіпті өнерін де қайталасын алайда, оларды електен өткізіп, екшелейтін тек  патша көңілді көрермен екенін ұмытпағандарыңыз жөн.

Талқылау