Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ эстрада жұлдыздары жұптарын қалай қызғанатынын айтты

“Үйлену оңай, үй болу қиын” демекші, өнер мен өмірде қатар жүрген ғашықтардың арасында да кикілжің жиі болады. Басты себеп – жанкүйерлерінің көптігі мен қызғаныш сезімі болуы мүмкін.

4f4f7b4baf_750crop

Жұлдыздар  “31”  арнасының тілшілеріне сүйіктілерін қалай қызғанатыны туралы айтып берді.

Жақында үйлену тойларын дүркіретіп атап өткен Аша Матай мен Арман Қоңыровтың отбасы атанғандарына небәрі алты ай.  Дегенмен, Аша  өзінің сыңары Арманды өзге қыздардан қызғанатын болып шықты. Бәрін біліп отырамын дейді.

Аша биылғы көктем мерекесін ата-анасының жанында емес, жарының отбасымен бірге қарсы алады.

mapirn

Әнші Бүркіт халықаралық әйелдер күнін ерекше атап өтеді. Сондықтан да, бүгін ол жары ұнататын гүл шоқтарын іздеп әлек. Жары Аишаның сүйікті гүлін таппаған соң Бүркіттің таңдауы қызғалдақтарға түсті.  Дегенмен, әнші жарының көңілінен шығатынына әбден сенімді.

Жақында әншінің екінші баласы дүниеге келді. «Үйлену оңай, үй болу қиын». Өмірде де, өнерде де жұп жазбай, бір-біріне қолдау көрсетіп, тірек болу қиынның қиыны. Бүркіттің айтуынша, ол билеп жатқан келіншегіне түскен сұқ көздерден оны қызғанбайды, керісінше, бұның бәрі жұмыстың бір бөлігі деп түсінеді. Алайда, отбасында Аиша оған қашан да бағынады.

image

Қазақ эстрадасындағы тағы бір жұлдызды жұп Жанболат пен Жазирада бір-бірін әлі күнге дейін қызғанады екен. 16 жасында  алғаш рет сүйікті жар атанған Жазира бастапқыда өзінің қызғаншақ болғанын жасырмайды.

image-15

Осы аптада әнші Айқынның жеке концертіне келген халықтың көптігі соншалық, зал лық толды. Әнші қолдап әрі сыйлап келген әріптестері Айқынның әнін залда отырып шырқады.

Гүл сатушылардың айтуынша, ерлердің басым бөлігі гүл таңдағанда тек қызыл раушанды ғана сатып алады екен. Алайда, нәзік жандылар болса, бір-біріне ұқсамайтын сары, қызыл, күлгін, көк түстер топтасқан гүлдерді ұнатады. Сондықтанда 8 наурызда сүйіктіңізге ерекше көңіл-күй сыйлағыңыз келсе, дәл осындай гүл шоғын сыйлағаныңыз абзал.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін қазақ эстрадасындағы шаңырағы шайқалған жұлдыздар туралы жазған болатынбыз.

Талқылау