Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліне арналған 25 әріпті латын әліпбиі ұсынылды

Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты қызметкерлері мен Шахметов атындағы тілдерді дамыту орталығы мамандары бірлесе отырып, 25 әріптен тұратын латын әліпбиінің нұсқасын ұсынды.

90591_1423025746

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Дүйсенбі күні мәжілісте қазақ тіліне арналған латын әліпбиің бірыңғай стандартын енгізу мәселесіне арналған парламенттік тыңдау өтіп жатыр.

“Әліпбидің осы жобасын жасарда, ең бірінші, қазақ тілінің дыбыс жүйесі ескерілді. Нәтижесінде әліпбидің ұсынылған нұсқасы 25 әріптен тұрады”, — деді Тілешов.

Тілешов атап өткендей, қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын Ш. Шаяхметов атындағы орталық мамандары бірнеше мәрте тексерген.

Оның сөзіне сүйенсек, қазақ тілінің жаңа әліпбиінің бірыңғай стандарты біртіндеп енгізіледі, сондықтан оны меңгеру қазақстандықтарға қиынға соқпайды.

А. Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек мәлімдегендей, тыңдауда ұсынылған жаңа қазақ әліпбиі институт мамандарының пікірін ескере отырып жасалған.

Оқи отырыңыз:

ОҚО-да балабақша қызметкерлері күн көрсетпейтін басшыларының қызметтен кетуін талап етті

8-қабаттан құлап мерт болған Тілеугүлдің жақындары тергеудің сылбыр жүріп жатқанына алаңдаулы

Павлодарлықтар трамвай қағып өлтірген қыздың отбасына жабылып баспана алып бермек

Теміртауда пәтердегі өрттен 5 жасар қыз көз жұмды

Талқылау