Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ сумошысы Император Кубогінің финалында жеңіліс тапты

Токиода өткен сумодан жылдың алғашқы жарысы – Хацу бащенің ең жоғарғы алаңы Макуучи дивизионында бақ сынаған Ерсін Балтағұл үздік үштіктен көрінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Японская Ассоцияция сумо

Ерсін Жапонияда Кинбозан Харуки лақап атымен танымал. Ол бұл бәсекеде 15 күнде 13 қарсыласын ұтып, 2 кездесуде жеңілді. Нәтижесінде жапон балуаны Охр Коносуке, моңғол сумошысы Хошорю Томокацу және Ерсін үшеуінің жеңістер саны бірде болғандықтан, чемпиондықты анықтау үшін қосымша раунд ұйымдастырылды. Бұл раундта жерлесіміз қос қарсыласынан да жеңіліп, жарысты үшінші орынмен аяқтады. Ал моңғол балуаны Хошорю Томокацу Император Кубогінің жеңімпазы атанды. Хошорю – Екозуна атанған тарихтағы 74-інші, Моңғолиядағы 6-сумошы.

Қазақстандық сумошы осы нәтижесінің арқасында жеңіске деген жігері үшін кантосе жүлдесін және 12,8 мың доллар қаржылай сыйақы иеленді. 

Ерсін Балтағұл – Алматы қаласының тумасы. Жасы 27-де. Бұған дейін Ерсін дзюдомен және қазақ күресімен айналысқан. 18 жасында моңғолдан шыққан атақты сумошы Асашери Акиноридің ұсынысымен Жапониядағы орта мектепке ауысып, сумо күресінен әуесқойлар жарысына қатыса бастады. Кейін Нихон университетіне түсіп, студенттік сумо клубына қосылды.

Айта кетейік, Ерсін Балтағұл қазір Макуути дивизионында өнер көрсетеді. Оның бойы – 195 см, ал салмағы – 178 келі.

Біз бұған дейін, қазақстандық сумошының Жапония тарихын жаңартқанын айтқан едік.

Талқылау