Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ “Мессиі” ресейлік “Уфа” клубына кететін болды

Қазақстан футболының үміті саналатын Еркебұлан Сейдахметтің ресейлік «Уфа» клубына кетуі мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікір айтылды.

Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.

Бұл ақпаратқа қатысты пікірдің қаншалықты рас екенін тараздық «Монтажник» футбол клубының негізін қалаушы, Георгий Хутиди растады.

Георгий Хутидидің сөзінше, ресейлік БАҚ «қазақ Мессиі» деп атап кеткен Еркебұлан қаңтардың ортасында «Уфа» ойыншыларымен бірге Кипрге оқу-жаттығу жиынына кетеді.

Ақпан айында Еркебұлан Сейдахмет 18 жасқа толады. Спортшы кәмелет жасына тола салысымен, ресейлік клуб тараздық футболшымен келісімшарт жасаспақ.

Оқи отырыңыз:

Қазақстандық теннисші Камила Керімбаева допинг қолданғаны үшін жазаланды

Қайрат Нұртастың жұбайы енесі туралы бар шындықты жайып салды

Ернар Айдар науқас жігітке сыйлық жасады (видео)

Балжан Бидаш “КешYou-дің қыздары бұзылған” деп сынағандарға жауап берді

Ерке Есмахан өзін ренжіткен адамның жазаланғанын айтты

Талқылау