Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы Сингапурде өткен автокөлік жарысына қатысып, топ жарды

Қазақстандық студенттер Сингапурде өткен автокөліктер жарысына қатысты. Әлемнің түкпір-түкпірінен келген 120 команданың ішінен қазақстандық жастар 13-орын алды. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды, Назарбаев Университетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Университет студенттері автокөліктің жобасын өздері ойластырып, өздері құрастырған.

“Біздің дарынды инженерлер Shell Eco-Marathon Аsia 2018 жылы Сингапурда «электр батареясы бойынша электротехниканың прототипі» жарысында 13-ші орынға ие болды“, – делінген хабарламада.

Автокөлік жарысына 18 елден 120 студенттік команда қатысты.

NU Team автокөлігі техникалық байқаудан кедергісіз өтті. Бұл көліктің сапасына ғана емес жүргізушінің біліктілігіне де байланысты. Қазақстандық автокөліктің әдемі дизайны мен оның жүргізушісі Тамила Таласбаева жарыс бойы әлемдік БАҚ-тың назарында болды. Команда әртүрлі жүргізу тактикасын пайдаланып, үнемі энергияны тұтыну көрсеткішін жақсартып отырды“, – делінген университет баспасөзінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз:

Не әкеңнің құны бар: Көшедегі жұмысшыларға айқайлап ұрысқан бала елді күлдірді (видео)

Қостанайдағы оқушы өлімі: Полиция ресми пікір білдірді

Қызылордалықтар аймақтағы сағат белдеуін өзгертуді өтінді

ОҚО-дағы жеті жасар бала анасымен бірге Алматыға келеді

 

Талқылау