Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ қызы өмір бойы түрік азаматына тұрмысқа шығуды армандап келеді

Қазақ қызы Сағыныш Үдербаева бала күнінен түрік азаматына тұрмысқа шығуды армандап келеді екен. Бұған түрік телехикаяларындағы актерлердің мінсіз образы әсер еткен-ді.

0ъе

Бұл туралы “Пендеміз ғой” бағдарламасында айтылды.

Аралас некеге еліміздің еті үйреніп кетті. Бұған көп ұлтты мемлекет болуымыз себеп болса керек. Қыздарын шетелдік азаматқа дүркіретіп шығарып салып жатқан ата-аналарды да көзіміз көріп жүр. Оларды жақтайтын да, даттайтын да адамдар бар. Халқымыз сымбатты қазақ жігіттерінің көп екенін тілге тиек етуде. Неге бүгінгі қаракөз қыздарымыз шетелдік азаматқа тұрмысқа шығуға әуес? Біреулер оның мәнісін бақуатты өмір сүрумен байланыстырса, енді біреулері оны қазіргі кездегі ер азаматтардың рөлімен түсіндіреді. “Бүгін қазақ қызына тең келетін қазақтың жігіттерінің рөлі төмендеп кеткен. Яғни қыз бала оқығаннан кейін өзінен төмен, білімсіз, қара жұмысқа жегіліп жүрген қазақ жігітіне тұрмысқа шыққысы келмейді”, – дейді психолог маман Саят Баймұратұлы.

Статистикаға көз жүгіртсек, 2016 жылдың қаңтар-сәуір айларында 699 қалыңдық шетелдікке тұрмысқа шыққан. Оның 223-і Ресейге, қалғаны Германия, АҚШ, Түркия, Израиль және т.б. мемлекеттердің азаматымен көңіл жарастырған. Қазақтың қызын сорлатқандар да, жап-жақсы отбасын құрып отырғандар да бар. Жатқа кеткен қыз бен одан туған жиеннің “қазақ” деп емірене қоймасы анық. Бірақ кей адам қазақ қызы жат жұрттық болғанымен, “жат елдік” атанбаған деп жатады.

“Менің әпкем шетел азаматына тұрмысқа шықты. Екеуі де бақытты өмір сүріп жатыр. Бала-шағалары да бар. Менің ойымша, оның шетел азаматына тұрмысқа шыққанында тұрған еш нәрсе жоқ. Бастысы, бақытты болса болғаны”, – дейді Фариза Есімова. Ал студия қонағы Сағыныш Үдербаева әлі тұрмысқа шықпаған. Десе де, бала күнінен түрік азаматымен отбасын құруды армандап келеді екен.

“Тұрмыста болмағанмын, жігітім жоқ. Бала күнімнен түрік телехикаяларын көріп өскен адаммын. Осы уақытқа дейін сол телехикаялардағы түрік азаматтарын ұнатып келдім. Жалпы шетел азаматына тұрмысқа шығуға қарсы емеспін. Біріншіден, түрік азаматтары өте сымбатты келеді. Бойлары ұзын, жауапкершіліктері мол. Оларға ұқсайтын қазақтың жігіттері де бар. Бірақ жігітке жан-жақты қараймын. Мысалы, түрік азаматтарының көркіне ақылы сай. Олардың жұмыста да, отбасында да жауапкершіліктері мол. Шынайы өмірде түрік азаматтарын кездестірген емеспін. Әрине, олардан көңілімнің қалып-қалмайтынын уақыт көрсетеді. Себебі, мен бетпе-бет түрік жігітімен кездесіп көрмедім. Екіншіден, жақынырақ келе көзқарасыңның өзгеруі де ғажап емес. Менің талабыма сай түрік азаматы кездесіп жатса, ұсыныстан бас тартпаймын”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Қазақ жігіті 3 жылдан бері жүрген сүйіктісін жүкті қылып тастап кетті

Қазақстандық әке балаларды психологқа емдетуге қарсы шықты

Семейлік оқушы қыздардың сүйісіп тұрған сәті елді шошытты (видео)

Жамбыл облысында тұрғын үй алдына бір жасар сәбиді хат жазып тастап кеткен 

Талқылау