Қазақ-қырғыз шекарасындағы кезекті былық Мәжілісте көтерілді
Қырғыздар шекарадан заңсыз мал айдап өтуін қоймай отыр. Ал контрабандаға жол беру – біздің шекарашылардың осалдығы деді бүгін депутаттар. Мәжілісмен Роман Ким жауаптылардан шекараны май шелпекке айналдырған көршілерімізді шұғыл тиюды талап етті, деп хабарлайды КТК арнасы.
«Сұрағым шекарашыларға. Олар шекарадағы әр бағананы жатқа білеміз дейді. Егер бәрі жақсы болса, онда қазақ-қырғыз шекарасы неге тоз-тоз болып жатыр. Мен тыйылмай отырған мал контрабандасын айтып отырмын, – дейді Мәжіліс депутаты Роман Ким.
Қырғыздар шекарадан малды екі жолмен алып өтеді екен. Біріншісі – қажетті құжаттарды түгендеп, бекет арқылы кірсе, көп жағдайда төрт түлікті еш тексерусіз ұрлықы жолмен кіргізіп жатыр. Бұл өте қауіпті. Егер көршілеріміз бұл әдетін қоймаса, біздің өрістегі малға түрлі ауру жұқтырып, ет экспортына зиянын тигізуі мүмкін деп қауіптеніп отыр мәжілісмендер. Шекара қызметінің бастығы қырғыздардың заңсыз жолды көбірек таңдайтындарын мойындап отыр. Дархан Ділманов, контрабандамен күресетін техника да, маман да жеткілікті дегенімен, әзірге одан нәтиже шамалы.
«Қырғызстанмен шекарада қазір тек шекарашылар тұр. Көршілеріміз Еуразиялық экономикалық одаққа кірген соң, олар өткізу бекеті арқылы тасымалдайтын мал контрабандаға жатпайды. Жалпы мәселенің бар екенін білеміз, күресіп жатырмыз», – дейді ҚР ҰҚК шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов.
Оқи отырыңыз:
Төреғали мен павлодарлық қария арасындағы даудың толық нұсқасы пайда болды (видео)
Әуелбекова мен Болманов Төреғалиді жақтап сөйледі
Қоғам белсендісі Төреғалиді қорғаған Бүркітке ұрсып тастады
Қайнар Алагөзов Төреғалиді сынағандарға өлеңмен жауап берді
Дана Нұржігіт кезінде Төреғалиді таныту үшін жұмыс істегеніне өкінетінін айтты