Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ футболының аңызы Тимур Сегізбаев бақилық болды

Қазақ футболының және «Қайрат» футбол клубының аңызы Тимур Сегізбаев 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

15 желтоқсан күні қазақ футболының және «Қайрат» футбол клубының аңызы Тимур Сегізбаев 76 жасында дүниеден өтті.

Тимур Санжарұлы 1941 жылы Семей өңірінде өмірге келіп, футбол мектебін Алматыда тәмамдаған еді. 1958-1970 жылдар аралығында алматылық «Қайрат» сапында 200-ден астам ойын өткізді.

Ол алматылық клубтың құрамында керемет ойынымен көзге түсіп, жанкүйерлердің жүрегін жаулап алған болатын. Халық мақтанышына айналған футболшының КСРО чемпионатында соққан голдары ел есінде мәңгі сақталды. Тарих беттеріне жазылған сол ойындардың бірі Мәскеуде өткен еді. Тимур аға сол күні жергілікті «Спартактың» қақпасына қос гол соғып, Қазақ футболының абыройын көкке көтерді.

Тимур Санжарұлы – КСРО Спорт шебері, ҚазССР және ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы, Мемлекеттік спорт қайраткері, ҚР ҰОК-нің орден иегері.

Оқи отырыңыз:

«Еуразия Барысын» Қазақстан құрамасы жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Сондерс – Лемье бокс кешінде жеңімпаз атанды

Иса Ақбербаев кәсіпқой бокста 20-шы рет жеңіске жетті

Қазақстан құрамасы «Еуразия Барысында» Моңғолия балуандарын әупірімдеп жүріп әрең ұтты

Талқылау