Қазақ футболы тағы бір аңызынан айырылды
Фото:Kazfootball
Қазақстан футболының дамуына зор үлес қосқан белгілі футболшы әрі жаттықтырушы Марат Есмұратов 64 жасқа қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Марат Есмұратов кәсіби футболдағы жолын 1979 жылы Шымкент қаласының "Мелиоратор" командасында бастады.
Кейін ол әр кезеңде Пятигорскінің "Машук", Алматының "Қайрат", СКИФ–"Ордабасы", "Актюбинец", Ақтаудың "Мұнайшы" клубтарында өнер көрсетті. Футболшы ретіндегі мансабын 2001 жылы өзі түлеп ұшқан "Қайсар" клубында аяқтады.
Есмұратов Қазақстан Премьер-лигасында 265 матчқа қатысып, 6 мәрте мергендік танытқан. Сондай-ақ ұлттық құрама сапында 7 ойын өткізді.
Айта кетейік, 1992 жылдың 1 маусымында Алматыда Қазақстан құрамасы Түрікменстанға қарсы тарихтағы алғашқы ресми ойынын өткізген еді. Сол матчта Марат Есмұратов ұлттық құрама жейдесінде алаңға шықты.
Футболдағы мансабынан кейін бапкерлік жолды таңдаған ол "Қайсар", "Ақ бұлақ", Алматыдағы СДЮШОР №2, "БТА Футзал", "Жетісу" және "Алтай" командаларында шәкірт тәрбиеледі.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар

