Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ боксшысы Мейірім Нұрсұлтанов Карлос Адамеспен чемпиондық белбеуді сарапқа салады

Карлос Адамес Фото: Stan.kz collage

Қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтанов мансабындағы маңызды жекпе-жекке дайындалуда. Ол WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамеспен жекпе-жек өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

The Ring порталының дерегінше, Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) осы жекпе-жекте чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады.

Ал қарсыласы Карлос Адамес (24-1-1, 18 КО) – қазіргі WBC чемпионы, яғни ол Нұрсұлтановқа қарсы өз атағын қорғайды.

Бұл Мейірім үшін мансабындағы маңызды жекпе-жектің бірі болмақ. Егер ол жеңсе, әлем чемпионы атануы мүмкін. Сондықтан бұл тартыс оның карьерасында тарихи сәтке айналуы ықтимал.

Мейірім соңғы рет 2023 жылдың 17 қарашасында Ташкентте жұдырықтасқан. Сол кезде ол чилилік Хулио Аламосты төрешілер шешімімен жеңген еді.

Ал Карлос Адамес – орта салмақтағы мықты боксшылардың бірі, Доминикан Республикасынан шыққан танымал чемпион. Қос боскшы арасындағы бұл айқас бүкіл бокс жанкүйерлерінің назарын аударып отыр.

Ақерке Өмірхан
Бейсенбі, 04 Желтоқсан, 2025 11:51