Қазақ азаматы АҚШ-та суицид жасамақ болған әйелді құтқарды
АҚШ-та тұратын қазақ азаматы суицид жасамақ болған әйелді құтқарып қалды. ШҚО-да дүниеге келген Ақжан Аңсағанов көпірден секіруге бекінген әйелді ұстап қалып, полиция келгенше оның көңілін аулауға тырысқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: Instagram/baichin.a
Қазақ жігітінің қаһармандық әрекеті жайлы әлеуметтік желіде Талғат Алман есімді азамат баяндады. Оның айтуы бойынша, оқиға 2 қараша күні болған.
Көшеде кетіп бара жатқан кезде Ақжан көпірден секіруге бекінген әйелді байқап, оны ұстап қалған. Автор Ақжанға "қазіргі заманның батыры" деп баға берді.
"Видеодан Ақжан мен өзге куәгерлердің қызды тыныштандыруға тырысып жатқанын көре аласыздар. Ең қызығы, Гавайи штатының мэрі Ақжанға ерлігі үшін алғыс білдіріп, 8-қарашаны ресми түрде Ақжан Аңсағанов күні деп белгілепті. Меніңше, адамдар мұндай батырларды білуі тиіс", - деп жазды Талғат Алман.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді