Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қытайда қайыршы қоқыс арасынан тауып алған сәбиді асырап, сол үшін өмір сүруде (фото)

Бұл оқиға Қытайда болған. Қайыршы қоқыс тасталған жәшіктерді ақтарып, бос бөтелкелер іздейді. Ол әдетте қалдық шыныларды өткізіп, түскен ақшасына нан сатып алатын. Кенет ол қоқыс жәшігінен жылаған сәбидің дауысын естиді.

original

Бұл туралы pyatimenutka.ru сайты хабарлайды.

Қалдықтардың арасынан ол жаңа туылған нәрестені шығарып алады. Ол айқайлап жылап жатқан. Сәби туған жылы мен күні жазылған жамылғыға ораулы блған.

original (1)

Егер бұл үй-күйі жоқ қайыршы болмағанда, қыз өліп те қалар еді. Ол сәбиді әйелімен бірге тұрған лашығына алып келеді. Ер кісі өзінің алдына қызды тәрбиелеп, оған адамгершілік пен қайырымдылықты үйретіп, адам етіп шығару мақсатын қойыпты. Ол қызға Яньянь деген есім берді.

original (2)

Бірақ, қызды қамқорлықтарына алғаннан кейін ер кісінің  әйелі  оларды тастап кетіп қалады. Қырсыққанда үйлері де құлап түсіп, екеуі далада қалған. Олардың ендігі үйі көпірдің асты. Бірақ, қайыршы кішкентай қыздың бақыты үшін тоқтаусыз еңбек ете берді. Ол “қандай қиындық болса да, мен оны тастамаймын” деп өз-өзіне серт беріпті.

original (3)

Сюн Яньянның өте ақылды қыз болып келе жатқанын айтады. Кішкентай қыз өлеңді өте әдемі, көркемдеп оқитын. Тек ер кісі, қыз тұрақты тіркеуде тұрмағандықтан мектепке бара алмайтын болды деп алаңдайды. Мұндай кедергілерге қарамастан  ол қызға білімді үйде беруді жалғастыра бермек.

original (4)

Әр жыл сайын қыздың туған күнінде (нақтырақ айтсақ Сюннің қоқыс жәшігінен қызды тауып алған күні) Сюн ақшасының бір бөлігін, қызды сүйікті ойыншықтарымен суретке түсіруге жұмсайды екен. Бұл шынында көңіл түкпіріндегі қылды қозғайтын  оқиға. Баспанасы жоқ қайыршының, кішкентай қызды бауырына басып, осыншама қамқорлық көрсетуі, оның балалығының әр сәтін суретке айналдырып отыруы, расында көңіл тербейді. Қыз көшеде өскенінен қарамастан, дені сау болды. Ал ол қыз үшін, Сюн бәріне дайын . Өзі аш қалса да, қолындағы соңғы нанын соның ауызына тосады.

original (5)

Қайыршының қайырымдылығы көпшілікті таң қалдырған. Жер бетінде әлі де осындай игілікке мойын бұратын адамдардың бар екені қуантады. Ол кішкентай қызын бәрінен де артық ерекше жақсы көреді!

Талқылау