Қазақстандық ене төркіншіл келінінен мезі болғанын айтты
Әр елдің заңы басқа демекші, бір елде келінге төркініне баруға рұқсат етсе, енді біреуінде төркіншіл болуға тыйым салады. Мысалы, Америкада әйелін жылына үш реттен кем жіберген ер азамат сот алдында жауап береді. Ауғаныстанда керісінше, әйелінен кешірім сұраған еркектің заң бойынша тілі кесіледі. Ал Қазақстанда мамандар мен енелер әртүрлі пікірді ұстанды.
Бұл туралы Бірінші арнаның “Бәріміз де адам” бағдарламасында айтылды.
Қазақстандық ене келініне деген ренішін жеткізді. Айтуынша, жаңа түскен келіні таңертеңнен кешкі мезгілге дейін жұмыста болады екен. Ал демалыс күндері төркініне асығады. Ақыры Сағынған Сыдықованың ұлы мен келіні ажырасып тынған. Қазір келіні бір баласымен үйінде отыр екен.
“Менің бес балам бар. Олардың төртеуі – ұл, бесеуі – қыз. Жуырда кіші ұлымды үйлендірдім. Өзім келіннің отбасымен таныстым. Келіннің өзі де, түрі де жақсы. Бір қарағанда балама лайық көрінді. Оның үстіне жастары да келіп қалды. Екеуі де 25 жаста. Келін балам жұмыс істейді. Таңертең кетеді, кешке келеді. Сенбі-жексенбі сайын үйіне барғысы келіп тұрады. Бара берсін. Менің демалыс күндері үйге келетін таныстарым көп. Оларды өзім күтіп, өзім шай беремін. Ақырында ұлым мен келінім ажырасып кетті. Олардың жұмысына кіріскен жоқпын. Жөнсіз келініме де ұрысқан емеспін.
Оның алдында Индира есімді біреудің жалғыз қызы, келінімді қолымда ұстадым. Менің үйіме таңертеңнен-кешке дейін қонақ келеді. Индира таңертең тұрып, үйід жинап шығатын. Бар шаруаны сол бітіретін. Кейін алты жылдан кейін оны бөлек шығардым. Кішкентай ұлыма бірнәрсе үйретіп, тәрбиелегім келді. Бөлек шыққылары келсе, мен шығаратын едім. Құдайға шүкір, басқа балаларым да бар. Кіші келінім бар кезде тамақты өзіміз жасап, оны күтіп отыратынмыз. Ол келіп, тамақ ішіп біткенше түнгі сағат 10-11 болады. Аяғы ауыр бола тұра бөлек шыққысы келді. Ұлым “Не істеймін?” деп менен сұрады. Мен қалағанын істей алатынын меңзедім. Мен келінге кішкене ұрысып едім. Сол күні жиналды да кетіп қалды.
Яғни ол бұрыннан кеткісі келіп жүрді. Анасы оны қайтарған жоқ. Ұлым “Мама, мен оны ұрыспадым, ұрған жоқпын. Ішімдік ішіп бұзықтық жасаған жоқпын. Ертең-ақ қайтып келеді” деді. Біраздан соң үлкен ұлым хабарласып, келінді үйге алып келуіміз керектігін айтты. Барғанымызда келін келмей қойды. Ол “Біз бөлек пәтерге шыққан кезде ғана мен келемін” деп шарт қойыпты. Ұлым 150 шаршы метрлік пәтерінің барын айтып бас тартқан. Ұлым оның алдына барғаны үшін қатты өкінді. Ел—жұрттан ұялып екеуін бөлек шығаруға келістім. Яғни шығарамын деп ойладым. Ұлым мені сыйламайтын келіннен бас тартатынын айтты. Қазір келін баласын туып, үйінде отыр”, – дейді Сағынған Сыдықова.
Қазақстандық ененің бұл сөзін Меруерт Асылбаева да қоштай түсті. “Нәсіпті күйеуге береді. Ал әйел үйге береке кіргізіп отырады. Егер әйел төркіндеп шаба беретін болса, үйде қандай береке болады? Мен осыны түсінбеймін”, – дейді ол.
Мұнымен қатар, студияға жиналған жұрт келіннің төркініне зат тасуын да сөз етті. “Төркінге сыйлық апару мәселесін де талдауымыз керек. Неге сыйлықты қайын жұртынан жасырып апарады? Себебі, әр нәрсенің өзінің шегі бар. Осы нәрсе шегінен асып кеткеннен кейін жасырады. Бұл – ұрлық деген сөз. Яғни келіннің ұрлықшыдан еш айырмашылығы жоқ. Ал ұрлық деген харам нәрсе. Барған үйді де, ұрпақты да былғайды. Осыдан кейін отбасында жанжал тууы мүмкін. Береке кетеді, отбасы мүшелерінің рухани өсуін тежейді”, – дейді қонақтардың бірі.
Алайда заңгер Шолпан Сейсембаева заң бойынша, келіннің үйіне барып тұруға құқығы бар екенін айтып жатыр. “Заң тұрғысынан қарағанда бұл әйел адамның құқығын бұзғанмен бірдей. Бұл нормативтік құқықтар бойынша қарастырылған”, – дейді Шолпан ханым.
Құрметті оқырман сіз бұл мәсеге қатысты не ойлайсыз? Келіннің төркіншіл болғанын құптайсыз ба? Осы секілді оқиғалар сіздің басыңызда болған ба?
Жіберіп алмаңыз:
Қазақстанда ең көп және ең аз жалақыны кімдер алады
Биыл қазақстандық автокөліктер қымбаттайды
Қазақстанда ипотека бағасы ғажайыптағыдай 5 пайызға дейін арзандамақ