Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайын жұрт пен төркін: Жазира Байырбекованың екі елді салыстыруы жұрттың көзіне жас келтірді

Қазақ қоғамында ене мен келін тақырыбы қашанда өзекті. Сондықтан болар, бұл тақырып қозғалса, қазақ үнсіз отыра алмайды. Мәселен, күні кеше Жазира Байырбекова қайын жұрты мен төркініне қыдырып барғандағы қос суретін жариялаймын деп жұрттың қызу талқысына түсті.

21436196_269853143519449_2210305052306833408_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Алғашқы суретте әнші қайын енесінің қасында тірлік істеп, ас үйде келін қызметін атқарып тұрса, екінші суретте өзін туған анасына еркелеп, құшағында жатыр. Қос суретті де Жазираның жары Жанболат тосыннан түсіріп алыпты.

“Жол жөнекей: 1) Келін болып түскен шаңыраққа кіріп шыққан сурет;
2) Төркінге кіріп шыққан сурет. Екеуін де тосыннан түсіріп алған Жанболат Ербатыров мырзаға раxмет! Біз үшін күні түні тілек тілеп отыратын аналарымыз аман болсын! Барлық жетістіктеріміз бірінші Алла, содан кейін осы кісілердің бізге риза болғанының арқасында!” – деп жазды Жазира.

Өз кезегінде желі оқырмандары қос суретті көріп, көздеріне жас алғандарын жазды. Көпшілік қайын ененің ешқашан ана орнын баса алмайтынын айтуда.

“Айырмашылық жер мен көктей дегіңіз келді ма”, “Эх, өз мамаңа жетпейді ғой”, “Тамаша, бірақ біріншісінде жұмыс істетіп қойды, ал екіншісінде еркелеп жатыр”, “Шынайы өмірдің көрінісі, керемет! Өте əсерлі, ұзаақ қарап отырып қалдым, бəлкім 2-ші сурет орындалмас арманым болғандықтан шығар”, “Ешқашан ене келінін өз қызындай көріп, ешқашан жаны ашымайды”, “Енең анаңдай болмайды, еркелей де алмайсың”, – деп пікір білдірді желідегілер.

Жіберіп алмаңыз:

Нұрлан Еспанов өнердегі інілерінің не себепті әйелдерін жасыратынын түсіндірді

Серікбол Сайлаубек: Балаларын тастайтын әншілерге ренжімеймін, тек аяймын

Желіде Қайраттың жары Жұлдыздың эксклюзивті суреттері пайда болды (фото, видео)

Баян Есентаева арман қуған қыздарға аналарын тыңдамауға кеңес берді

Талқылау