Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайтыс болған мұсылман уағызшысының артында 130 әйелі мен 203 баласы қалды

Нигерияда 93 жастағы мұсылман уағызшысы Мохаммед Белло Абубакар көз жұмды.

^D0B0B9E5A794E9F543AE6F0BBB507D32B83935B9C9B7D7CF19^pimgpsh_fullsize_distr

Түрлі мәліметтерге сәйкес, оның 86-дан 130-ға дейін әйелі болған. Жексенбі күні Мохаммед Белло Абубакарды Бида қаласында жерледі.

“Ол бізге опасыздық жасаудан сақтану керектігімізді ескертті. Алайда, шамамыз келгенше қанша әйел алғымыз келсе, соншасын алуға болатынын айтты. Өйткені, ол Алла алдында адал саналады”, – дейді уағызшыны көмекшісі Алхаджи Мутаиру Салавудин Белло.

2008 жылы Беллоның 86 әйелі болғаны хабаланған. Daily Trust газетінің мәліметінше, одан бері оның әйел саны 130-ға жетті. Ал, Vanguard басылымы Беллоның 90 әйелі болғанын жазады. Өзге басылымдарда оның 107 рет үйленгені жазылған. Алайда, уағызшы оның 10 шақтысымен ажырасқан.

Мәліметтерге сүйенсек, қарияның 203 баласы болған. Алдағы уақытта кей әйелдерінің жүкті болуына байланысты оның бала саны бұдан да артуы мүмкін.

^2CD6162F99C53DCD6BB3A929DBB261EBD2A3A4B5F5ECD153CE^pimgpsh_fullsize_distr

BBC News мәліметінше, Беллоға тұрмысқа шыққан әйел Ганиат Мохаммед Белло анасының өзін Беллоға кеңес алу үшін ертіп апарғанда әлі мектепте оқыған. Сол кезде уағызшы өзіне тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасайды. Ұсынысынан бас тартқысы келгенімен, Белло оның Алланың әмірі екенін айтып, тұрмысқа шығуын талап еткен.

Жіберіп алмаңыз:

Ұзақ өмір сүргіңіз келсе, секстен тыйылыңыз

19 млн жігітпен төсектес болуға уәде еткен модель 400 азаматтан кейін шаршап қалған (фото)

Телефонның құпия кодтары: Сізді смартфон арқылы аңдып жүргенін қалай білуге болады?

Қазақстандықтар “Әлем аруы” қатысушысы Дарина Құлсейітованы “толық” деп бағалады (фото)

Талқылау