Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайраттың костюмін алған тыңдарман оны сатып, көлік алған

Қайрат Нұртас сахналық костюмдерін елге таратып беруді әдетке айналдырған. Ал танымал әншінің киімін иеленгендер оны сатып, керегіне жаратып жүрген көрінеді.

kairat_24

Бұл туралы Қайрат Zhuldyz.tv арнасына берген сұхбатында айтып берді.

Қайрат мұндай қадамға өзгелердің қуанышын көру үшін баратынын айтты. Ол елге костюм тарату үрдісінің қалай басталғанын әңгімелеп берді.

«Костюм көп әлі. Сахнада жүргеніме 10 жылдан асса, бұл уақытта жиналған костюмдер өте көп. Оны сақтағанда не істеймін? Сатпаймын, мұражайға қоймаймын. Ол қуаныш қой, арнайы өзімнің еңбегіммен, қанша терлеп, костюмімді беріп, кигізген кезде алған адам қуанып, шок болады. Ал сен адамды қуантсаң, ол сауап.

Бірінші қалай басталды? Шардараға бардым, аяқ-қолы темір арбаға таңылған бала Қайрат аға, Қайрат аға деп қарап тұр. Жай қолымды алғанға қуанды бір кезде. Сонда бұл балаға не сыйласам екен деп ойлап тұрдым. Ол жерде ақша бере алмайсың, не істерімді білмей, костюмімді шешіп бердім. Ана баланың қуанышын көрсеңіздер. Қуанғанынан не жыларын, не күлерін білмей қалды. Оны көріп мен шыдай алмадым. Бірақ артынан рахаттанып қалдым. Ана баланың қуанышы мен үшін… Қазір адамды қуанту оңай емес. Содан басталып кетті. Біреулер менің костюмімді сатып, көлік алып жатыр екен», – деп ағынан жарылды Қайрат.

Жіберіп алмаңыз:

Желідегі Қайраттың келіншегі Бибігүл Төлегенованың сынына пікір білдірді

Гүлзира Айдарбекова Бибігүл Төлегенованың сынына жауап берді

Бибігүл Төлегенова: Қайрат әнші емес, кімге керек ол? (видео)

Бағым Мұхитденова: Бізде мыңдаған Қайрат Нұртас жоқ

 

Талқылау