"Қайраттың" жұлдызды қақпашысы "Ақтөбеге" ауысады

Алматылық "Қайрат" футбол клубының негізгі қақпашысы Александр Заруцкий "Ақтөбе" футбол клубына ауысатын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ASnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін "Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Александр Заруцкиймен келісімшарттың аяқталғанын хабарлаған еді. Енді белгілі болғандай, қақпашы мен "Ақтөбе" клубы екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Осылайша, Александр Заруцкий 2027 жылдың желтоқсанына дейін "Ақтөбе" сапында өнер көрсетеді.
Заруцкий "Қайрат" құрамында 24 матч өткізіп, 18 гол жіберген және 9 матчта қақпасын голдан аман сақтаған.
Сондай-ақ ол алматылық клубтың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуына елеулі үлес қосқан қақпашылардың бірі болды.
Алайда плей-офф кезеңінде соңғы Селтикке қарсы ойында Александр жарақат алып, оның орнын Темірлан Анарбеков басты. Жас қақпашы өзіне берілген мүмкіндікті тиімді пайдаланып, ойын барысында ерекше көзге түсті.
Қазіргі таңда "Қайрат" Чемпиондар лигасының турнирлік кестесінде Испанияның "Вильярреал" командасымен бірге 36-орында тұр. Алматылық клуб Кипрдің "Пафосымен" өткен ойында 0:0 есебімен тең түсіп, бір ұпай еншіледі. Ал қалған бес матчта "Спортингке" (1:4), "Реалға" (0:5), "Интерге" (1:2), "Копенгагенге" (2:3) және "Олимпиакосқа" (0:1) есе жіберді.
Алдағы ойындарба "Қайрат" Бельгияның "Брюгге" командасымен 20 қаңтарда, ал Лондонның "Арсеналымен" 28 қаңтар күндері ойнайды
"АҚШ-та үндемей қалу сыпайылық емес, сенімсіздік": Bloomberg-те жұмыс істейтін қазақ қызы Америкадағы өмірі туралы

