Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайраттың” жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға қажылыққа жолдама сыйлады

Шерхан ҚалмұрзаФото: Әлеуметтік желіден алдынды

“Қайрат” футбол клубының жас қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға бір азамат қажылыққа жолдама сыйға тартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде “Қайрат” футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға Умра қажылығына жолдама сыйланған сәттің видеосы кеңінен тарауда.

Белгілі болғандай, Алматы қаласындағы тойлардың бірінде Шерхан Қалмұрза мен анасы қонақ ретінде қатысқан. Сол кеште жас спортшыға қасиетті Меккеге Умра қажылығына арналған арнайы сертификат табысталды.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрзаға бұған дейін де жеке кәсіпкер Ұлықбек Шарипов заманауи Exeed маркалы автокөлікті сыйға тартқан еді. Сонымен қатар Ғылым және жоғары білім министрлігі дарынды қақпашыға білім грантын табыстаған еді.

Еске сала кетейік, ішкі чемпионатта қақпашы Темірлан Анарбеков жарақат алған соң оның орнына “Қайраттың” үшінші қақпашысы Шерхан Қалмұрза алаңға шықты. Ол Чемпиондар лигасында Еуропаның мықты командалары – “Спортинг” пен “Реалға” қарсы ойында қақпаны қорғап, жанкүйерлердің ыстық ықыласына ие болды.

Айнұр Мұхади
Бейсенбі, 16 Қазан, 2025 11:38
Талқылау