Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайраттың бөпе керек дегені есімде": Жұлдыз Әбдікәрімова жүктілігін көрсетіп, көпшілікті елең еткізді

Фото: Видеодан скриншот

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші жаңалығын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі 5-баласына жүкті екенін көрсетті. 

“2025 жылға менің жоспарым болған. Алайда… Оның маған деген жоспары одан да ғажап әрі қайырлы”, – деп жазды актриса. 


  • "Төрт баламның жанынан табылды": Жұлдыз Әбдікәрімованың анасына арналған жазбасы көпшілікті жылатты

  • "Атасы мен әжесі қайда?": Қайрат Нұртас қызының мектеп бітіру кешіне барды


Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесін құттықтап жатыр. 

“Өзім ана болатындай қуанып кеттім”, “Қандай керемет жаңалық! Денсаулығы мықты сәби келсін”, “Қайраттың бөпе керек дегені есімде”, “Сендер үшін тілеген дұғам қабыл болыпты”, “Аман-есен жаның қалып босанып ал”, – деп жазды көпшілік. 

Еске салайық, Жұлдыз Әбдікәрімова өзінен жасы кіші жігіттің сезіміне жауап беріп, бес баласы барын айтқан еді. 

Гүлдана Нұрлыханова
Сәрсенбі, 04 Маусым, 2025 07:53
Талқылау