Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат және 1XBET ынтымақтастығын ұзартты: Брендтер бірге жұмыс істеп келе жатқанына 6 жыл болды


"Қайрат" футбол клубы 2026 жылғы маусымға арналған командалар құрамын, сондай-ақ демеушілер тізімін жариялады.

Клубтың титулдық демеушісі қатарынан алты жыл бойы 1XBET бренді болып келеді, ал 2026 маусымы "Қайрат" пен 1XBET арасындағы әріптестіктің жетінші жылы болмақ.

Бұдан бөлек, "Қайрат" ойыншылардың форма дизайнын жаңартты: негізгі формада жағасы айтарлықтай өзгерді, сондай-ақ жең манжеттерінің дизайны жаңартылды. Қонақтағы формада басты өзгеріс манжеттер мен жағасына қара-сары түсті қазақтың ұлттық ою-өрнегінің қосылуы.

Айта кету керек, клубтың басты жұлдыздарының нөмірлері де өзгерді. Мәселен, Дастан Сәтбаев 2026 жылғы маусымда 10-нөмірмен ойынға шығады, ал Темірлан Анарбеков футболкасында 1-нөмір иеленді.

Алдағы маусымда 1XBET клубтың титулдық және ең сенімді серіктесі болып қана қоймай, көрермендер мен жанкүйерлер үшін көптеген белсенділіктер, конкурстар және құнды сыйлықтар дайындайды. Жуырда 1XBET өз Telegram-арнасында ойыншылардың қолтаңбасы қойылған "Қайраттың" жаңа формасын ойнатады. Жаңалықтарды жіберіп алмау үшін жарияланымдарымызды бақылаңыз.

STAN.KZ
Бейсенбі, 26 Ақпан, 2026 13:36