Қайрат Түнтеков өлім аузынан қалған жол апаты жайлы айтты
4 жылдан кейін көрерменімен қайта қауышқан Қайрат Түнтеков бала кезінен көп қиыншылықты бастан өткергенін айтады. Әнші ес білгелі жоқшылықты көріп, тіпті Super Star-да жеңіске жеткен кезде жатақханада тұрған. Қайрат бұл жайында Tengrinews.kz сайтының “The Эфир” бағдарламасына сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz.
Жеңімпаз атанған соң, ұят болмасын деген оймен ата-анасын жалдамалы пәтерге көшірген. Ал бүгінде бағып-қағып өсірген ата-анасына пәтер алып берген.
Бұдан өзге, Қайрат өлім аузынан қалған жол-көлік оқиғасы туралы айтып берді.
“Кішкентай кезімде жолдан жүгіріп өтпек болғанда “Москвич” көлігі қағып кетті. Өзім анама жақын болдым. Сағынасың ғой, сол жүгірем деп көліктің астына түстім. Бір қарасам, айналада айқай-шу. Мені қағып кеткен ерлі-зайыптылардың көлігінде отырмын. Ол кезде адамдар мейірімді. Қазіргі заман болса, кетіп қалар еді. Басымды басып кетуге сәл-ақ қалған ғой”, – деген Қайрат жағдайының өте ауыр болғанын да атап өтті.
“Көзімді ашып қалсам, әйелі мені көтеріп алған. Бетімнің бәрі қан, есімді жия алмай жатырмын. Кәдімгідей басым жарылған, қол-аяғым сынған. Сол кездегі ең күшті деген қалалық емханаға апарды. Қазіргі заман болса, ақшасын беріп, өзің емделе берші деп тастап кетер еді. Ал ол кісілер бір айдай күнде келетін. Қолдарында банка, емнің бәрін төлеп, ойыншықтар алып келетін. Менің әке-шешем өмірінде олай жасамаған. Қазіргі адамдарға да сондай сана берсе”, – дейді Түнтеков.
Тағы оқыңыз:
Тұрсынбектің әйелінің елдегі қарызы жайлы айтатындай не болды: Журналист ұлттық арнаны сынға алды
Хит емес, бірақ кино: Ерке Есмаханның жаңа бейнебаяны желіні шулатты (видео)
“Т” әрпінен емес: Төреғалидің үшінші қызына қандай есім бергені белгілі болды
Бүкіл әлем қарсы тұрса да: “Меломен” тобы Ninety one мен Байзақовадан кешірім сұрамайтындарын айтты