Базардың үлесі 2025 жылы қараша және желтоқсан айларында сатылымға шықты. Алайда өтінімдердің болмауына байланысты аукцион өткізілмеді.
“Байсат” базарында үш ныса бар. Жалпы ауданы 4221,4 м², және 1,4 га жер учаскесі бар. Ол Бұқаржан Нұрсұлтанға, яғни Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі ТОО “Қазақстан-Германия құрылыс бірлескен кәсіпорны” және ТОО “Astana Finansial Group” компанияларының құрамында болған. Оның үлесі 2024 жылы қаңтарда мемлекет меншігіне қайтарылды.
- Қайрат Сатыбалды Алматы қаласындағы Есентай өзенінің бойында орналасқан қонақүйді мемлекетке сыйға тартты
- Қайрат Сатыбалдының ұлына тиесілі болған "Байсат" базарының үлесі қайтадан аукционға қойылды
Сотқа дейінгі тергеу кезінде Қайрат Сатыбалды базардың көп бөлігін мемлекетке ерікті түрде тапсырды. Нысан 2024 жылғы қазан айында Қайтарылған активтерді басқару компаниясының балансына өтті. Базардан түскен қаражат Арнайы мемлекеттік қорға бағытталады.
Сонымен қатар компания басқа активтер бойынша электрондық сауда алаңында қайта электрондық сауда өткізу туралы хабарландырулар орналастырғанын мәлімдеді. Әңгіме естелік монеталар, зергерлік бұйымдар және сағаттар туралы болып отыр. Барлығы 40 аукцион жарияланған, олар 20, 23 және 28 қаңтар күндері өтеді. Осы лоттардың жалпы бастапқы бағасы – 520,9 миллион теңге.
Еске салайық, бұған дейін Қайрат Сатыбалдының ұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында биыл ақпан айында бюджетке тағы да шамамен 82,6 миллиард теңге (185 миллион доллар) түскенін жазған едік.
