"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойынының билеттері 20 қыркүйекте сатылымға шығады
Фото: f.c.kairat Instagram парақшасынан алынды
"Қайрат" – "Реал Мадрид" ойыны билеттері шамамен 20 қыркүйекте сатылымға шығады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Қолымыздағы ақпарат бойынша, билет сату ойыннан 10 күн бұрын басталады. Яғни, егер ойын 30 қыркүйекте өтетін болса, онда сатылым шамамен 20 қыркүйекте басталады", – деді Жарасбаев.
Вице-министр ойын билеті қанша тұратынын білмейтінін, "Қайрат" клубы бағаны сұранысқа сүйеніп белгілейтінін айтты. Айтуынша, билеттерді "Қайрат" клубының сайты немесе оның әлеуметтік желідегі ресми аккаунттарынан алуға болады.
Айта кетейік, "Қайрат" – "Реал Мадрид" кездесуі 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.
Бұған дейін 26 тамызда алматылық "Қайрат" өз алаңында Шотландияның "Селтигін" қабылдады. Плей-офф раундында алматылықтар екі кездесудің қорытындысы бойынша Шотландияның "Селтик" клубынан мықтырақ болды. Глазгода және Алматыда өткен ойындар 0:0 есебімен аяқталды, ал пенальти сериясында қазақстандық футболшылар 3:2 есебімен жеңіске жетті.

Желіде тілі шықпаған баланы қой ішегімен қылқындырғандардың видеосы тарады: Логопед-дефектолог ырымның үлкен қаупін айтты
