Қайрат пен Жұлдыздың тойынан: Әншінің анасы тәтті естеліктерімен бөлісті (фото)
Иә, бұдан былай Айдарбековтер әулетінің жұрттан жасырар құпиясы жоқ! Ең негізгі жұмбақ – Қайраттың жары Жұлдыз Әбдікәрімова ел алдына шықты, өзінің 10 жыл бойы қайда болғанын, немен айналысқанын түсіндірді. Бұдан былай Қайрат та, оның анасы Гүлзира Айдарбекова да отбасылық өмірлерінде болып жатқан оқиғаларды ашық баяндай алады, деп хабарлайды Stan.kz.
Қайрат пен Жұлдыздың отау құрып, шаңырақ көтергеніне 10 жылдың жүзі болған. Қайраттың өзі айтпақшы, “жақында күміс той”. Алайда екі жастың жадында мәңгілікке сақталатын бұл қуаныштың қандай жағдайда өткенін ел білмейді. Әлбетте еліміздегі ең танымал хитменнің үйлену тойы елге қызық, тіпті арада 10 жылдап уақыт өтсе де…
Енді құпия сақтамайтын Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келінінің тойында құда-құдағиымен, яғни Жұлдыздың ата-анасымен түскен суретті көрсетті.
“Қайрат пен Жұлдыздың үйлену тойында, құда-құдағиымыз яғни Жұлдыздың ата-анасымен тәтті торттан жеп, өмірлері торттай тәтті болсын деп тұрғанымыз ғой. Лайым солай болсын!” – деп ақ тілегін білдірді жұлдызды продюсер инста-парақшасында.
Өз кезегінде оқырмандар Жұлдыздың анасына емес, әкесіне ұқсағанын байқаған.
Жіберіп алмаңыз:
Мейрамбек Бесбаев Ғаділбек сұраған әнді не себепті бермей қойғанын түсіндірді
Актриса Назгүл Қарабалина “91” тобына ұқсаған гелзбенд құрды (фото)
Сиви Махмудидің күйеуі алғаш рет сұхбат беріп, не себепті елден жасырынып келгенін айтты
Жас жігіттермен билеген Баян Есентаеваны жұрт танымал қалды (видео)