Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың жары 10 жыл бойы немен айналысқанын айтты

Таяуда ғана жұлдыздай жарқ еткен Жұлдыз Әбдікәрімованың «Арман. Когда ангелы спят» фильміндегі алғашқы рөлі көпшіліктің көңілінен шығып, оң баға алды. Десе де 10 жыл бойы ел алдына шықпаған актрисаның отбасылық өмірі, немен айналысқаны жайлы сауалдар жұртшылықтың көкейінен шықпады. Актрисаның өзіне де бұл сауал жиі қойылса керек, Instagram-дағы жеке парақшасында өмірінің жұрт көзінен таса тұстары жайлы ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

«Тұрмыс құрғаннан кейінгі өмірдің артықшылықтарының бірі – белгілі бір қағиданы ұстану. Бос отырған, айналысатын ісі жоқ, үнемі зерігіп жүретін әйелдер күйеуіне жиі қоңырау шалып, миын ашытып, өміріне шағымданып, күйеуінің кемшіл тұстарын іздейді немесе оны өзгертуге тырысады. Себебі олардың бос уақыты көп әрі өздеріне көңілі толмайды. Ал қызметтегі мансап, достармен уақыт өткізу, бала тәрбиесі, киноға бару, қызықты курстар немесе қайырымдылық сынды дүниелермен айналысып, уақытыңызды соған жұмсасаңыз, күйеуіңізді артық мазаламайсыз да. Бұл «осыншама жыл бойы қалай шыдап келдің?» дейтін оқырмандарыма берген жауабым», – дейді ағынан жарылған Жұлдыз Әбдікәрімова.

Өз кезегінде оқырмандары актрисаның қарапайымдылығы мен төзімділігіне тәнті болып, жылы лебіздерін білдіріп жатты. «Ақылына көркі сай. Сіз жаңадан тұрмыс құрған көптеген қызға үлгісіз. Мұншалықты танымал жұлдыздың жары бола тұра, оның көлеңкесінде қалу екінің бірінің қолынан келмейді», «Қайраттың әйелі мінсіз екеніне ешқашан күмән келтірген емеспін», – деген пікір білдірді желі қолданушылары.

Жіберіп алмаңыз:

Роза Рымбаева туған күнін қалай тойлайды (фото)

Қазбек Қасым: Әншілік – таптырмас табыс көзі (фото)

Әнші Рүстем Жүгінісов: Екі бағытты қосып, бірге ән салсақ деген ойымыз бар (фото, видео)

Қайрат Нұртастың әйелі ойнаған фильм өз шығынын ақтай алмады

Талқылау