Қайрат Нұртастың жаңа фильміне "18+" шектеуі енгізілді
ҚР мәдениет және спорт министрлігі таратқан ақпарат бойынша Қайрат Нұртастың жаңа киносына “18+” шектеуі енгізілген.
Бұл туралы Tengrinews.kz жазады.
“Арман/Когда ангелы спят” фильмінің алдын ала көрсетілімінен кейін, картинада зорлық және қатал сахналар бар екені анық болды.
“Фильмді прокатқа шығаруға рұқсат алған фильм дистрибьюторы “Sulpak cinema” ЖШС-нан зорлық және қатігез көріністерге байланысты “Е18” индексін енгізу туралы қайтара өтініш түсті. Жоғарыда айтылған негіздемеге сәйкес фильмге “Е18″ шектеуі енгізілді. Яғни, бұл фильмді 18 жастан асқандар көре алады”, – деп түсіндірді министрлік.
Еске салсақ, фильм жалпы халықтың көрсетілімге 12 қазаннан бастап ұсынылады. Онда өзінің әйелімен бірге түскен Қайрат, кеше көпшілікке 10 жыл бойы жасырған жарын көрсеткен болатын.
Жіберіп алмаңыз:
«Өзімді өлтіремін»: Тыңдарман бетін кері қайтарған Жігерге қоқан-лоққы көрсеткен
Елді алдаған Дәурен мен Ақбота Мысырда демалып жатыр