Қайрат Нұртастың ШҚО-дағы концерті террористерден сақтану мақсатында болмауы мүмкін
Өскемен әкімшілігі террористік қауіптің “сары” аймағына байланысты ұйымдастырушыларға бірнеше іс-шараны кейінге қалдыруға кеңес берген.
Фото: gorodtaraz.kz
Бұл туралы YK-news.kz хабарлайды.
Өскеменде ағымдағы апта ішінде сақтық шараларын қолдану мақсатымен бірнеше шара кейінге қалдырылды. 11 маусымда “Денсаулық марафонын”, 13 маусымда ай сайын дабылға дайындықты тексеретін “Баршаңыздың назарларыңызға!” сынды шаралар болмай қалған.
Мұнымен қатар, облыстық орталықта көпшілік қатысқан шаралар болуы тиіс еді. Алайда террористік қауіпті алдын алу мақсатында оларды болдырмаған немесе кейінге қалдырған. Олардың қатарында 21 маусымға “Шығыс” стадионында өтеді деп жоспарланған Қайрат Нұртастың концерті де бар.
Ақтөбе қаласындағы қару-жарақ дүкеніне террористер шабуыл жасағалы бері барша Қазақстанға 40 күн бойы террористік қауіптің “сары” режимі жарияланған болатын.
Жіберіп алмаңыздар:
Қайрат Нұртас допинг дауына ілінген Ильяға қолдау білдірді
Әнші Қайрат Нұртас мешіт салдырмақ
Тұрсынов: Қайрат Нұртас пен Заттыбектің әнін зал толы маймылдар тыңдайды
Тыңдарманы концертте Қайрат Нұртастың пенжегін алып қайтармай қойған (видео)