Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртастың жарымен сүйісіп тұрған суреті желіні шулатты

“Арман” фильмі жарыққа шыққан соң режиссерлер Жұлдыз Әбдікәрімоваға таласа бастады. Қайрат Нұртастың жарына түрлі ұсыныстар түсуде. Бұл туралы Гүлзира Айдарбекова телеарнаға берген сұхбатында айтқан болатын, деп жазады Stan.kz.

Алайда төрт баланың анасы Жұлдыз Әбдікәрімова актрисалық мансабын құруға асығар емес. Оған бір жағынан Жұлдыздың жары Қайрат Нұртас қарсы көрінеді.

Бұған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова желідегі оқырмандарынан: “Келесіде қандай фильмге түскенімді қалар едіңіздер?” – деп сұраған еді. Бұл сауалға фанаттар армиясы түрліше жауап берген. Көпшілік Жұлдызды тарихи кинода көруден үміттенді. Тіпті: “Томирис патшайымның рөлін сомдап көрсеңіз қайтеді?” – деп ұсыныс тастағандар болды. Алайда Жұлдызды жақын арада үлкен экраннан көре алмайтын сияқтымыз. Себебі:

“Мында мен сіздермен ақылдасып, ұсынылған әр-бір рөлде өзімді елестетіп, отырсам…  Қожайыным: “Томирис xаным! Менің сұлу перім болып, отбасылық дәрігер болып, әулеттің Супер келіні болып, осы шаңырақта-ақ, жағымды, басты рөлде ойнап жүре берші!”- деееп, сіздермен ойласқан жоспарымды орнына қойып тастады”, – деп жазды Әбдікәрімова желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

KN-нің ізімен: Төреғали жеке киімдер топтамасын шығармақшы (фото)

Мұрат Әбенов: Қайрат Нұртастың фильмінде ащы шындық көрсетілген

Алтынай Жорабаеваның екінші рет тұрмысқа шығатыны рас па?

Ақбота Сейітмағамбет Ресей кинофестивалінде “үздік актриса” атанды

Талқылау