Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас сыртынан ғайбаттағандарға видео-үндеу жолдады (видео)

Қайрат Нұртас сыртынан ғайбат сөз айтып, жала жапқандарға деген ренішін білдірді. Әнші «Жекпе-жек» жобасынан кейін желіде көңілге тиетін сөздердің көп жазылып жатқанын айтып, тыңдармандарына мұңын шақты, деп жазады Stan.kz.

«Құрметті ағайын, қазір Өскемен қаласындамын. Инстаграмда көңілге тиетін сөздер көп айтылып жатыр. Бірақ қарап отырсаңыздар, мені жамандаған адамдардың барлығы ешкім оқымайтын, ешқандай суреті жоқ аккаунттар. Тіпті, бір адам оларға жазылмаған парақшалар көбейіп кеткен. Оларға біреулер ақша беріп, әдейі мені жамандатқызып отыр. Сондықтан сондай парақшаларға сенбеңіздер, ағайындар! Жақсылық болсын», – дейді Қайрат.

Біздің заманда адамдар бәрінің бағасын беске біледі. Бірақ бағалай білмеді…….😏

Публикация от Қайрат Нұртас видео🎥📹📽 (@kairatnurtas_video)

Өз кезегінде Қайраттың анасы да аталған жайға қатысты пікір білдірді. Ол әлдебіреулердің ақша үшін Қайраттың соңына түсіп алғанын естігенде жағасын ұстағанын айтты.

«Ақша төлеп, Қайратқа қарсы ойларына келгенді жаздырады екен деген әңгімені естіп жағамызды ұстадық. Өзім де таң қалғанмын, пәлен миллион xалқы бар Қайратты неге мұнша жерге тығып жатыр екен деп. Парақшамызға кіріп байқасаңыздар, өтірік ашылған парақша екеніне көздеріңіз жетеді. Мұның артында кім тұр екен? Көбіне жарнамаларды байқайтын боларсыздар, парақшаларға коммент орнына жарияланған. “Үйде отырып ақша таба бересіздер” деп жазылған. Солай жалдайды екен ғой. Қалай ұйқылары тыныш болады екен? «Арам ақша желкемізді тесіп шықпас па екен?» – деген сұрақ, ой мазаламаса керек», – дейді Гүлзира Үсенқызы.

Жіберіп алмаңыз:

Қайрат пен Төреғалидің “Жекпе-жекте” тең түскені тыңдармандарға ұнамай қалды

Димаштың АҚШ-тан Ақтөбеге келген жанкүйері әншінің ұстаздарымен танысты

Жақын туысы “той жасай алмадың” деп Төреғалиді ұятқа қалдырған (фото)

Ернар Айдар: Түріктерден ән ұрлаған жоқпын (видео)

Талқылау