Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас фильмге кастинг жариялады

Қайрат Нұртас өзі түсіретін фильмге кастинг жариялады. Ол әртүрлі жастағы актерлерді іздестіруде.

kairat nurtas 170317

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші “KN production” продюсерлік орталығы түсіретін деректі фильмге дарындыларды іздестіріп жатыр. Кастинг тек бірнеше сағатқа созылады. Бағын сынап көргісі келетіндер бүгін, яғни 17 наурыз күні сағат 14.00 мен 18.00 аралағында Алматыдағы қонақ үйлердің біріне баруы тиіс.

Оған ұлты қазақ болып табылатын 20-30 жас аралығындағы ерлер, сондай-ақ 30-45 жас аралығындағы әйелдер қатыса алады. Бұдан бөлек, 18 бен 25 жас аралығындағы қыз-жігіттердің өз бағын сынап көруге мүмкіндігі бар.

Фильм түсірілімі келесі айда басталады.

kairat kasting

Есте болса, өткен жылы Қайрат Нұртас өзінің жеке өмірінің құпиясын фильм арқылы ашатынын жария еткен болатын. Оны бұл қадамға өнердегі әріптестері итермелеген.

Жіберіп алмаңыз:

Димаш 10-кезеңде үшінші орын алып финалға шықты (видео)

Қайрат Нұртас концертінде тыңдарманының ернінен сүйіп алды

Серік Ибрагимов жұбайы Айнамкөзді бейнебаянға түсірді (видео)

Жазира Байырбекова өзін сарбаздарша ұстаған енесін көрсетті (фото)

 

Талқылау