Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас ең жас депутаттыққа үміткер болды

26 жастағы Қайрат Нұртас өзінің дауысқа түскісі келетінін айтып, ең жас мәжіліс депутаттығына үміткер болды, деп хабарлайды Stan.kz.

^78744DCAF4263F83B250377F86C5B22900FBC43BAD088BA111^pimgpsh_fullsize_distr

Мәжіліс орнынан үміткерлер арасында 30 жасқа толмаған Нұртастың әріптесі Жанар Дұғалова (29 жаста) мен ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Илья Ильин (27 жаста) де бар.

Ең жасы үлкен үміткер баспа және ақпарат саласының экс-министрі, саяси ғылымдардың докторы 70 жастағы Қуаныш Сұлтанов екен.

Сондай-ақ, «Нұр Отан» тізімінде – Назарбаевтың жас кезін сомдаған актер Нұрлан Әлімжанов, тележүргізуші Майя Веронская, боксшы Геннадий Головкин мен Серік Сәпиев, «Бауыржан» қайырымдылық қорының президенті Жұлдыз Омарбеков, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсаходжаева, Қызылорда қаласындағы эксплуатациялық қызмет депосының машинист көмекшісі Геннадий Шиповских және «Евразиялық энергетикалы корпорацияның» механигі Рышат Амренов те бар.

Сонымен қатар, парламент тағына премьер-министрдің орынбасары Дариға Назарбаева, президент әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев, ШҚО әкімі Даниал Ахметов, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Атырау облысының әкімі Бақтығожа Измұхамбетов, ЭКСПО Ұлттық компаниясының жетекшісі Ахметжан Есімов, мемлекет хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова да отыруы мүмкін.

Талқылау