Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Нұртас: Анамды иман жолына келтіріп, Меккеге апарғым келеді

Қазақстандық танымалдар Гүлзира Айдарбековаға қандай сыйлық бергендерін айтып берді. Ал продюсердің ұлы оны Меккеге апарып келуді армандап жүр екен.

16906417_653049831549611_6564630656058392576_n

Бұл туралы Астана арнасының “Ел аузында” бағдарламасында берген сұхбатында айтты деп жазады Stan.kz.

Қазақ эстрада жұлдыздары Гүлзира Айдарбекованың туған күніне не сыйлағандарын айтты. Көбісі сыйлықты ақшалай табыстауды жөн көріпті. Арасында Iphone сынды бағалы сыйлықтар да бар. “Ол кісінің гауһар тасы да, көлігі де бар. Құдайға шүкір, ешнәрседен қысылмайды. Өзім сыйды ақшалай табыстауды жөн көрдім”, – дейді әнші Шаһизада.

Жұбайымен бірге келген Ерғали Әбдірайымов те әріптесіне сыйлықты ақшалай беруді жөн көріпті. “Біз де көпшілік секілді сыйлықты ақшалай табыстауды жөн көрдік. Өзінің қалағанын алар деген ойдамыз. Одан бөлек ұстап келген гүл шоғымыз бар. Отбасымыздың атынан ол кісіге бақыт тілейміз”, – дейді Гүлсара Әбдірайымов

Ал Қайрат Нұртас осы күнге дейін анасына қымбат көлік, пәтер сыйлағанын айтып қалды. Алдағы уақытта туған күніне сыйлық ретінде анасын Меккеге апарып келмек. “Алла қаласа, анамды иман жолына келтіріп, Меккеге апарғым келеді. Менің басты сыйлығым осы”, – дейді Қайрат Нұртас.


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртастың әкесі: Ұлдарым барда шығынды есептемеймін

АҚШ-та тұратын Мұхтар Мағауиннің күн тәртібі қандай

Қазақтың үш асыл ұлы бір әйелге ғашық болған

«Шаншар» театрының әртісі Жүсіп Ақшора: Уәлибек болмағанда осы күнге жетпес едім

Талқылау