Қайрат Нұртас “16 қыз” фильмінің саундтрегін орындайды
Жақын күндері еліміздің кинотеатрларынан көрсетілетін Қанағат Мұстафиннің “16 қыз” романтикалық комедиясының саундтрегін Қайрат Нұртас орындайды.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
Режиссер фильмнің санундтрегі ретінде кезінде “Дос Мұқасан” тобы орындаған “16 қыз” әнін Қайрат Нұртастың орындауында таңдауды жөн көрген.
Бұған себеп, Қайрат Нұртас қазақ эстрадасының ең танымал әншісі. Қайрат “Дос Мұқасан” тобының мерейтойлық концертінде де осы әнді айтқан болатын.
Кинотуындының режиссеры Қанағат Мұстафин мен продюсері Айдархан Әділбаев комедияны түсіру идеясының осы әнді тыңдау барысында комедия түсіру идеясын қолға алған.
Бұған дейін оның “Аңсайды жаным” әні де “Адель” фильмінің саундтрегі ретінде таңдалған еді.
Аталған әнге бейнебаян Алматы қаласында түсірілген. Бейнебаянда Алматы көрінісінен бөлек кинокартинаның үзінді кадрлары көрсетілген.
Фильмде басты рөлді Берік Айтжанов, Аша Матай мен Әнуар Нұрпейісов сомдайды. Оқиға желісі сүр бойдақ жігітті ата-анасының ертерек үйлендіргісі келетіні, алайда оның сүйген жары өзгемен атастырылғаны баяндалады. Фильм оқиғасы романтикаға толы әрі қызықты сәттермен өрбиді.
Бұл фильм 3 наурыздан бастап барлық кинотеатрлардан көрсетіледі деп жоспарлануда.
Бұған дейін Берік Айтжанов ойнайтын бұл фильмнің қашан жарық көретіні жайлы хабараған болатынбыз.