Қайрат Нұртас: 10 жыл бойы отбасымды жасыру маған оңай тиген жоқ
10 жыл бойы отбасын жасырып келген Қайрат Нұртас бұл жағдайдың өзіне де оңай тимегенін мойындады. Сондай-ақ, әнші әке болып, балаларымен мақтанғысы келетінін де жасырмады, деп хабарлайды Stan.kz.
Эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас 10 жыл бойы отбасын жасыру өзіне қиын тигенін мойындады. Әнші бала-шағасын көпшілікке таныстыруды көптен бері армандап жүрген көрінеді.
«Алматы қаласындағы екі бірдей ән кешім өте сәтті аяқталды. Көптен бері бала-шағамды xалыққа таныстыру арманым еді. Мен де әке болып, балаларыммен мақтанғым келеді. 10 жыл бойы отбасымды жасыру маған оңай тиген жоқ», – деп мойындады әнші Instagram парақшасында.
Әншінің айтуынша, оған осы уақыт аралығында қаншама ауыр сөздер айтылып, негізсіз кінә тағылыпты.
«Қаншама ауыр сөздер естіп, негізсіз кінә тағылды. Осының барлығына нүкте қойылғанына ризамын», – деп жазды Қайрат.
Оқи отырыңыз:
Екінші қызымен бірге түскен суретін көрсеткен Жұлдыз Әбдікәрімова жұртты күлдірді (фото)
Танымал сәнгер Аида Кауменованың екінші күйеуімен заңды некесін қиғаны белгілі болды (фото)
Баян Алагөзова Геннадий Головкиннің арқасында айыппұлдан сытылып кетті (видео)
Қайрат Нұртас пен жұбайы Жұлдыздың сахнадағы биі желіні жарды (видео)