Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды
Сот Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау мерзімін 2023 жылдың 21 маусымына дейін ұзартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Алматы мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы ақпараты бойынша, сот қаулысымен тергеу органдарының Қ-ға қатысты қамауда ұстау мерзімін ұзартуын санкциялау туралы өтініші қанағаттандырылды. Яғни 2023 жылдың 21 маусымына дейін", – делінген сот хабарламасында.
Айта кетейік, Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірінде қамауға алынған. Кейін қамауда ұстау мерзімі 21 маусымға дейін ұзартылған.
Алматы прокуратурасы ұсынған мәліметке сәйкес, депутат жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты деген күдікке ілінген.
“Алдын ала тергеумен Қ.Қ. Құдайберген А.Б. Жұмагелдиевпен ("Дикий Арман" деп аталатын) бірге "Қазақстан" қонақ үйінде адамдар жинауды ұйымдастырып, Джумагелдиевтің айналасына бірігуге, оны қолдауға және биліктің бірыңғай талаптарын ұсынуға шақырғаны, сондай-ақ адамдарды 10 адамнан "ұяшықтар" бойынша бөліп және олардың топтарының ерекшеліктерінің белгісі ретінде қолдарына ақ таңғыш таңуға нұсқау бергені анықталды”, – дейді прокуратура.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан