“Қайрат” футболшылары жоқ: Бүгін “Қазақстан” Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізеді
Фото:Kff_team
Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Фарер аралдарына қарсы жолдастық матч өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ойын Хорватияның Пула қаласында өтеді.
Айта кетейік, ұлттық құрама бұған дейін Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде өз алаңында Бельгия құрамасына қарсы соңғы ойынды өткізген еді. Сол матч 1:1 есебімен тең аяқталды. Осы нәтижеден кейін Қазақстан 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде J тобында төртінші орын алды.
Еске салсақ, сырт алаңда Бельгияға қарсы 6:0 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейін Али Алиев қызметінен кеткен. Содан кейін ұлттық құраманың тізгінін Талғат Байсуфинов өз қолына алды. Оның басшылығымен құрама осыған дейінгі үш ойында жеңіліссіз сериясын жалғастыруда.
Талғат Байсуфинов шәкірттері Қазақстан Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңсе, Солтүстік Македониямен тең ойнаған. Сонымен қатар, белгілі болғандай бүгінгі жолдастық матчқа “Қайрат” клубының футболшылары қатыспайды.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр

