Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Боранбаевтың ісі сотқа жіберілді

Қаржы мониторингі агенттігі кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қайрат боранбаев

"Азия Газчунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов, сондай-ақ Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақтың сұйытылған мұнай газын сатып алу және қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастырып, 14,5 миллиард теңге ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеу аяқталды.

"2022 жылғы 23 желтоқсанда бас прокуратура қылмыстық істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберді. Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аударылып, толық өтелді", – делінген хабарламада.

Мүлікті тәркілеу кезінде айыпталушылардың 38 миллиард теңге ақшалай қаражатына, 15 жылжымайтын мүлік объектісіне, үш автокөлік құралына тыйым салынды.

"Агенттік Қайрат Боранбаевқа және басқа адамдарға қатысты газ экспорты кезінде ұрлау және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактілері бойынша бөлінген істер шеңберінде сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда", – деп толықтырды ведомствода.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың наурыз айында Қаржы мониторингі агенттігі Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша тергеуді бастады.

Талқылау