Қайрат Боранбаевтың иелігіндегі "Қайрат" футбол клубы Алматы бюджетінен жүздеген миллион теңге алады

Фото: Қайрат Боранбаевтың жеке парақшасынан
Боранбаевқа тиесілі жеке "Қайрат" футбол клубы Алматы бюджетінен жүздеген миллион теңге алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы қаласының бюджеттік шығыстарының тізіміне сәйкес, 2026 жылы "Қайрат" футбол клубы қала бюджетінен 750 миллион теңге алады. Қаражат премьер-лига командасының және клубтың бүкіл құрылымының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған. Оған негізгі құрам, жастар командасы және академия кіреді.
Қосымша түрде бюджеттен 90 миллион теңге футзалды дамытуға, жаттығу процесіне және спортшылардың жарыстарға қатысуына бөлінеді.
УЕФА Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысудың өзі клубқа шамамен 20,2 миллион еуро (12,0 миллиард теңге) көлемінде кепілдендірілген төлем әкелді. Еурокубок маусымында алматылық клуб бірде-бір жеңіске жете алмады және жарысты Лондонның "Арсенал" клубына қарсы матчпен аяқтайды.
-
УЕФА "Қайраттың" стадионына көңілі толмай, 81 мәрте ескерту жасаған
-
Енді "Қайрат" футболшыларына кез келген адамнан сыйлық қабылдауға тыйым салынды
Клуб 2012 жылдан бері кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың қарамағында. Ол бұған дейін мемлекеттік қаражатты жымқыру ісі бойынша сотталған. Алайда келтірілген шығынды өтегеннен кейін босатылған.
Еске салсақ, бұған дейін Алматыда 75 миллиард теңгеге жаңа стадион салынатыны туралы хабарлаған едік.
"Сан алуанын көрген соң жігіттерге қызығушылығым мүлде жоғалып кетті": Бодимассажбен айналысқан қазақстандық қыз бастан кешкенін айтты