Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кайрат Боранбаевқа тиесілі болған мұнай компаниясы сатылымға шықты

Кайрат Боранбаевқа тиесілі болған Phystech II мұнай компаниясы жекешелендірілмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Almaly.kz

Олигарх Кайрат Боранбаевқа тиесілі болып, кейін мемлекет меншігіне өткен Phystech II мұнай компаниясы қайтадан жекешелендірілмек. Компания сатылымға шықты.

Компанияны бәсекелі ортаға беру туралы қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Үкімет қаулысына сәйкес, компания жеке меншікке басым тәртіппен берілмек.



"Phystech II" акционерлік қоғамы екі кезеңнен тұратын конкурс, электронды конкурс немесе тікелей сатып алушыға сату жолымен жекешеленуі мүмкін делінген құжатта.

Айта кетейік "Самұрық-Қазына" қоры Қаржы министрлігінен 2023 жылға дейін кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа тиесілі болға Phystech II мұнай компаниясын сатып алды. Мәміленің құны 8,1 миллиард теңге болды. Дегенмен бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі компанияның активтерін 35,4 миллиард теңгеге бағалаған. 

Еске салайық, Қайрат Боранбаевтың "ҚазТрансГаз" АҚ-ның ақшасын жымқырғаны үшін 6 жылға сотталғаны туралы жазған едік.

Қайрат Боранбаевтың компаниялары шетелден қайтарылған қаражат есебінен білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 30 млрд теңге аударды. Сондай-ақ оның компаниялары мемлекеттік мүлік комитетіне жалпы құны 1,4 миллиард теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешенін мемлекет меншігіне өз еркімен беру үшін тиісті өтінімдер берген және оған тиесілі Phystech II мұнай компаниясы мемлекет меншігіне өтті.

Сонымен қатар мемлекет меншігіне сауда ойын-сауық кешенін, жылжымайтын мүлікті басқару компаниясын және фитнес клубтар желісін қайтарды.

Залалды өтеуіне байланысты сот оның өтінішін қанағаттандырып, Боранбаев түрмеден босатылып, пробациялық бақылауға алынды.

Талқылау