Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қайрат" бапкері Уразбахтин "Реалға" қарсы ойын жоспарын айтты

Фото: KFF

Рафаэль Уразбахтин "Реалға" қарсы матч алдындағы жоспарын бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Алматылық "Қайраттың" бас жаттықтырушысы Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турдағы мадридтік "Реалға" қарсы матч алдында командасының тактикалық ұстанымын түсіндірді.

"Мұндай қарсыластарға тек қорғанысқа немесе шабуылға сүйеніп шығу мүмкін емес. Әрдайым тепе-теңдік табу қажет. "Реалдың" шеберлігі жоғары ойыншылары бар, олардың әрқайсысын тоқтату оңай емес. Сондықтан біз олардың мүмкіндіктерін шектеудің жолдарын қарастырамыз әрі өз мүмкіндіктерімізді де тиімді пайдалануға тырысамыз. Қорғаныста ғана отыру ойымызда жоқ, алаңда теңгерімді сақтап ойнауға тырысамыз", – деді ол.

"Қайрат" пен "Реал" арасындағы кездесу 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. Басталуы – 21:45, Астана уақытымен.

Бірінші турда алматылық клуб лиссабондық "Спортингтен" 1:4 есебімен ұтылса, мадридтік команда "Марсельді" 2:1 нәтижесімен жеңді.

Абылайхан Палмағанбет
Жұма, 26 Қыркүйек, 2025 16:58
Талқылау