"Қайрат" алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты

Алматылық "Қайрат" тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде қазақстандық клуб шотландиялық "Селтикке" қарсы ойнап, топтық кезеңге жолдама алды.
Алматыда өткен жауапты матчтың негізгі және қосымша уақыты тең нәтижемен аяқталды — 0:0. Екі кездесудің қорытындысы бойынша да есеп ашылмағандықтан, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды.
11 метрлік айып добын орындау кезінде "Қайрат" ойыншыларының жүйкесі мықтырақ болып шықты. Мартынович, Арад және Сорокин өз соққыларын сәтті жүзеге асырды. Қақпашы бірнеше соққыны қайтарып, командасын алға шығарды. Қорытынды есеп — 3:2.
Осылайша, "Қайрат" алғаш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Ал "Селтик" енді Еуропа лигасында өнер көрсетеді.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты

