Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайрат Әділгерей кешірім сұрау үшін күйші Құрманғазының басына барды

Қайрат Әділгерей Құрманғазының басына барып кешірім сұрадыФото: Видеодан скриншот

Күйші Құрманғазы Сағырбайұлы туралы теріс пікір айтып, басы дауға қалған актер Қайрат Әділгерей тарихи тұлғаның басына зиярат етіп барды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі арнайы Алматыдан ат терлетіп Астрахан облысының Алтынжар елдімекеніне барғанын айтып, әлеуметтік желідегі парақшасында видеоны жариялады.

Ол сондай-ақ күйшінің мазарында құран бағыштап, құрбандық шалғанын атап өтті.

“Менің артымда Құрманғазы бабамыздың кесенесі. Осы тұста тарихи атамыз туралы қисынсыз сөз айтқаным үшін бүкіл қазақ жұртшылығынан және Құрманғазы бабамыздың ұрпағынан кешірім сұраймын. Атамыздың басына келіп құран бағыштадық, арнайы мал сойып, зиярат етіп келдік” – деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін “Теріс жолмен жүрген қарақшы”: Қайрат Әділгерей күйші Құрманғазы туралы “Теріс жолмен жүрген қарақшы” деп айтқаны үшін кешірім сұрағаны хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 18 Ақпан, 2026 23:35