Қайнар Алагөзов: "Сәкен аға сол тізімде болғанына қуануы керек"
Белгілі ақын, көптеген хит әндердің сөзін жазған Қайнар Алгөзов “Уақыт көрсетеді” бағдарламасында Сәкен Майғазиевпен арада болған түсініспеушілік туралы бар шындықты айтты, деп Stan.kz ақпарат агенттігі.
©instagram.com/kainaralaguzov/saken_maigaziyev
Ақын Қытайдағы қандас ағайындар қысым көріп жатқан кезде ашынғаннан “Біздің елде жігіттің төрелері бар” деген өлең шығарған. Өлеңде “Қытайдағы қандастар жапа шегуде, таутекедей ойнап жүр төбеде бұлар” деген жолдар кездеседі. Ақынның айтуынша, ол мұны қазақтың саясатта, спортта, өнерде топ жарып жүрген азаматтарына арнаған көрінеді. Осы өлеңмен ол желіге бірқатар азаматтардың суретін жариялап, белгілеген. Ақынға өкпелегендердің қатарында Сәкен Майғазиев те бар.
“Сәкен Майғазиев сол кезде артыма түскен болатын. Бір жерде берген сұхбатында “Бір інілеріміз бар, өмірде бетімізге күліп қарап, артымыздан интернет арқылы тас атып жүреді. Жеті нотаны білмейтін адамдарға әншілер ермек болған. Қит етсе әншілерді сынайды” деген екен. Ағам дұрыс түсінбесе керек. Мен ол жерде Сәкен Майғазиевті ғана айтқан жоқпын. Арасында Қазақстанның мүфтиі, Мұхамеджан Тазабеков, Жүрсін Ерман, “МузАрт”, Тұрсынбек Қабатов, Нұржан Төлендиев бар. Қазақстанның мен деген бетке ұстар азаматтарының бәрін салдым. Меніңше, Сәкен аға сол тізімде болғанына қуануы керек”, – дейді Қайнар Алагөзов.
Сәкен Майғазиев әлеуметтік желісінде ақынның жекесіне шығып, хабарлама жолдаған екен.
“Қайнар Алагөзов мырза, шұғыл хабарлас” деп жазып жіберіпті. Мен: “Сәкен аға, осы жерде-ақ айта берсеңізші” деп жауап бердім” , – деді ақын.

Назарбаев зияткерлік мектебі тәжірибесін басқа мектептерге беру үшін 22 млрд теңге бөлінген: НЗМ қаражаттың қалай жұмсалғаны туралы айтудан бас тартты
