Қайырымдылық іс-шарасында азық-түлік тарату кезінде 67 адам қаза тапты
Нигерияның үш қаласында Рождество мерекесі қайғылы жағдаймен аяқталды. Қайырымдылық іс-шарасында азық-түлік тарату кезінде 67 адам қаза тапты. Олардың ішінде балалар көп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 112.ua басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Алғашқы адам өлімі Нигерияның Майтама қаласында тіркелді. Қасиетті Троица католик шіркеуіне мыңнан астам адам киім-кешек пен азық-түлік алу үшін келді. Ғимарат ашылмай жатып ішіне кірмек болған адамдар бір-бірін итеріп, таптап кете жаздады. Салдарынан 10 адам қаза тапты. Ал Ойо штатында жиналған топ 35 адамды таптап кетті.
Жергілікті радиостанция балаларға Рождестволық іс-шарада бәйге мен сыйлықтар ұтып алу мүмкіндігін ұсынған. Алайда олар қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмай, соңында мектеп хаосқа ұшырады.
Дәл осындай қайғылы оқиға Анамбра штатында да болды. Онда 22 адам қаза тапты.
Құзырлы органдар тергеуді бастады. Елде әзірге қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, азық-түлік таратуға тыйым салынды.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда тегін затқа таласып, бір-бірін таптаған жұртшылық видеоға түсіп қалғаны туралы жазған едік.