Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қай жеріңе кедергі жасап жатыр": Меруерт Түсіпбаева хиджаб мәселесіне қатысты заңды қолдайтынын жеткізді

меруерт әншіФото: https://www.instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева еліміздегі хиджаб мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі дін мәселесіне қатысты заңды қолдайтынын жасырмады. 

“Қазақстанда бет-әлпетті тұмшалауға тыйым салынады. Өз басым, Бекшин сияқты “наконец-то” дедім. Сіз келісесіз бе?” – деп жазды әнші. 



Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің мұсылман екенін еске салды. 

“Орамал тағу – мұсылмандарға парыз”, “Қай жеріңе кедергі жасап жатыр”, “Ұлттық құндылығымызға қарама-қайшы”, “Заң тезірек қабылдансын”, “Хиджабты не үшін киіп жүргендерін білмейтіндер бар”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, Қазақстанда қоғамдық орындарда бетті бүркемелейтін киім киюге шектеу қою мәселесі талқыланып жатқан еді.

“Заң аясында бұл мәселе әлі реттелмеген. Бетін тұмшалайтындар туралыны біз енді қараймыз. Өйткені депутаттар осыны сауал ретінде жолдады. Қазір оны жан-жақты зерделеп жатыр. Бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесі екенін айтқанмын. Әрине, ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қарағанда, ниқабтарға тыйым салған дұрыс", – деді Аида Балаева.

Гүлдана Нұрлыханова
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 11:33
Талқылау