Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кавасаки синдромы кең таралып жатыр: Мамандар ата-аналарды сақ болуға шақырды

Алматылық инфекционистер әлемде Кавасаки синдромының кең таралып жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-сұхбат барысында Алматы қалалық балалар клиникалық инфекциялық ауруханасының дәрігер-сарапшысы Ғалия Құттықожанова, ата-аналарға балалар арасындағы аурудың алдын алу үшін сақтық шараларына мұқият болыңыздар, деп кеңес берді. 

"Ата-аналар балалармен көп жерлерде жүрмеуі керек, сыртқы байланыстарды азайтып,  маска тағуы керек. Гигиенаны сақтап, иммунитетті арттыру қажет. Асқынған жағдайда өзін - өзі емдеумен айналыспай, дәрігерлерге жүгіну керек", - деп ескертті Г.Құттықожанова.


Эпидемиологиялық тұрақсыздық кезеңінде санитарлық талаптарды елемеген жағдайда балалардың дерті асқынуы мүмкін. Құттықожанованың хабарлауынша, Кавасаки синдромы сәуірден кейін пайда болған. Бұл - жиі кездесе бермейтін синдромдардың бірі. Кавасаки синдромының кең таралуы коронавирусқа байланысты болуы мүмкін. 

"Кавасаки ауруы кезінде безгек кем дегенде 5 күн болады. Алғашқы белгілері: көздің қызаруы, ауыз қуысының шырышты қабығының гиперемиясы, еріннің зақымдануы, бөртпе, мұрынның қабыршақтануы, аяқ-қол мен табанның ісінуі және мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы", - деді ол. 

Балаларда Кавасаки белгілері байқалмауы мүмкін. Алайда, ауруды асқындырып алмау үшін оларды ертерек ажыратып, дер кезінде ем қабылдауды бастау қажет.

Еске салайық, Қазақстанда Кавасаки синдромымен ауырған балалар саны 16-ға жетті

Талқылау